Алматыда жылы күндер қанша уақытқа созылады?

Алматыда ақпан жылы күндерімен басталды. 2 ақпанға қараған түні қалада жаңбыр жауды. Алматыда көктемгі жылу қанша уақытқа созылатынын «Қазгидромет» синоптиктері айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2 ақпанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіне Иран аумағынан оңтүстік циклондар шығып, жылу келді. Түнде жауын-шашын жаңбыр түрінде болды, бірақ тауларда төмен температура сақталатындықтан қар түсті», — деді «Қазгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің инженер-синоптигі Гүлтансын Медеуова.

2 ақпанда ауа температурасы +10 градусқа дейін барды. Жылдың осы мезгілінде Алматыдағы ең жылы күн саналатын рекорд көрсеткіш +13 градус, ол 2007 жылы болған.

Бұл ретте «Қазгидромет» синоптиктері алматылықтарды 10 ақпанға дейін ғана жылудан ләззаттана алатынын ескертеді. Жаңбыр жаууы да ықтимал.

«Ақпанның екінші онкүндігінде, 15-сі мен 20-сы аралығында температураның төмендеуін күтеміз. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болады», — деді Гүлтансын Медеуова.

Еске салайық, бұдан бұрын «Қазгидромет» өкілдері ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлаған.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...