12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда жоғары оқу орындарының жатақханалары оқу жылына дайын болмай шықты

Алматыда жоғары оқу орындарының жатақханалары тексерілді. Олардың 20-сы студенттерді қабылдауға дайын емес екені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Жатақханаларды депутаттар, қоғам белсенділері және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінен құралған бірлескен комиссия тексерген. Тексеру барысында көптеген кемшілік анықталған. Мысалы, Қыздар педагогикалық университеті жатақханасындағы ас үйде су жоқ. Әкімшілік күрделі жөндеуге қаржы жетпейді деп отыр. Сондықтан қолда бардан жағдай жасауға тырысады.

«Ұйымның құқықтық мәртебесінің өзі қаржы тарту үшін белгілі бір мәселелермен айналысу керек екенін меңзеп отыр. Мемлекет бас тартпайды, бірақ қыруар қаржы талап ететін мәселелер бар. Жатақхана салу немесе күрделі жөндеу, реконструкция және т.б.» — деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рыспекова.

Қазақ спорт және туризм академиясы жатақханасында құрылысшылар жөндеу жұмыстарын асығыс аяқтап жатыр. Әуелгіде әкімшілік студенттерге арналған таза, жайлы бөлмелерді көрсеткен. Бірақ кейін басқа бөлмелерді де көрсетуге мәжбүр болған. Олардың едендері лас, есіктері сызылған және төсек жабдықтары ескі болып шықты. Жатақханада тарақандар да табылған.

Бұл ғимаратта жуыну үшін студенттерге жертөлеге түсуі керек болады. Сондай-ақ, кір жуатын бөлме де сол жерде. Тексерушілер жыл өткен сайын бірдей заңбұзушылықтар анықталатынын айтады. Алматыдағы 95 жатақхананың 20-сы студент қабылдауға дайын емес, бесеуінің жағдайы мүшкіл.

«Мониторинг аяқталғаннан кейін ұсынымдар әзірленеді. Әрине, біз бұл мәселені Алматы қаласы мәслихатында қарастырамыз. Әрине, Amanat партиясы жанындағы білім беру кеңестерінде әрі қарай ұсыныстар беру арқылы қарастырамыз. Жоғары оқу орындарының басшылығы атсалысады, өйткені проблемалар көп және шешуді қажет етеді», — деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

Қазір шенеуніктер студенттерді қалай орналастыруды ойластырып жатыр.

Құстарды тамақтандырғаныңыз үшін айыппұл қарастырылған ба?

Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер...

Через факты, а не эмоции: депутат объяснил, почему Казахстан растёт, даже если этого не чувствуют

Депутат Мажилиса Болатбек Алиев заявил, что разговоры о «постоянном...

КазНУ им. Аль-Фараби: от Дня основания до “Farabi HUBа”

15 января на факультете Филологии Казахского национального университета имени...

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...