Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? 

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? Толығырақ — Tengrinews.kz материалында.

Бұл сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді.

«31 желтоқсанда Алматыда демеушілердің есебінен отшашу болады», – деп хабарлады мәдениет басқармасы.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі отшашудың басталу уақыты сияқты қосымша мәліметтерді кейінірек беруге уәде етті.

Айта кетейік, бұған дейін мегаполисте шамамен 300 ертегі кейіпкерлері бейнеленген жарқын конструкциялар мен былтыр пайдаланылған 120 жаңартылған шағын архитектуралық пішіндерді қамтитын мерекелік элементтер орнатылатыны белгілі болған. Сонымен қатар, 12 көше мен даңғылдарға 1500 жарық элементі қойылады, оның 350-і 2023 жылы қолданылған. Сондай-ақ 21 маңызды ғимараттың қасбеттері сәулеттік жарықпен безендіріледі. «Көктөбе» телемұнарасы тұрғындар мен қонақтарды мерекелік мультимедиялық бейнежазбамен қуантады.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...