Алматыда зейнеткерлерге қандай көмек көрсетіледі?

1 қазан – Қарттар күні. Алматыда зейнетке шыққан тұрғындарға қандай көмек көрсетіледі? Толығырақ Massaget.kz материалында. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл қарттарға біржолғы төлем қарастырылмаған, алайда оларға басқа да көмек түрлері көрсетіледі. 

1) жарты жылда бір рет 7 айлық есептік көрсеткіш (25 844 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы үш ең төменгі күнкөріс деңгейінен (156 408 теңге) аспайтын азаматтардың санаттарына беріледі:

— зейнеткерлік жасқа толғандарға;

— созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан бірінші топтағы мүгедектерге;

2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде бір адамға есептегенде жан басына шаққандағы орташа табыс екі еселенген күнкөріс минимумынан (104 272 теңге) аспаса, 20 айлық есептік көрсеткіш (73 840 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;

3) ыстық және суық сумен, газбен жабдықтауды есепке алудың жеке аспаптарын сатып алу, орнату немесе тексеру шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы бір аспап үшін 3,4 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын азаматтарға ұсынылады;

4) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын, шығындардың 100 пайыз мөлшерінде, бірақ жеке тұрғын үйі үшеуден аспайтын меншік иесіне жалпы тармақтан тұрғын үйге дейінгі газ жабдығын жүргізу және орнату шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Көмек алу үшін қайда жүгіну керек?

Бұл әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау үшін Алматы қаласы аудан әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (мекенжайы usb.almaty.kz сайтында орналастырылған) хабарласу қажет;

Санаторлық-курорттық емдеу қызметі

5) жасы бойынша зейнетке шыққан тұрғындарға санаторлық-курорттық емдеу қызметі жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтынын ескере отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қоспағанда, алынған зейнетақы сомасының 25 пайызын төлей отырып көрсетіледі.

Ол үшін қандай құжаттар қажет?

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) № 068/у нысанындағы санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтама;

3) зейнетақы мөлшері туралы құжат;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер. Бұл құжаттарды тұрғылықты мекенжай бойынша Алматы қаласы аудан әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыру қажет;

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеу

Сонымен қатар егер коммуналдық қызметтер құны отбасының жалпы табысының 5 пайызынан асса, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге көмек көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға өтінішпен жүгіну қажет. 

Тегін сабақтар мен курстар

Бұдан бөлек, Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бар. Онда зейнеткерлерге арналған түрлі сабақтар мен шаралар өткізіліп, тегін көмек көрсетіледі. 

Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қарт адамдарға денсаулықты қолдау, қолайлы орта құру және аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын арттыру бойынша көмек көрсетуге бағытталған. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша орталықта және оның бөлімшелерінде 4899 зейнеткер тіркеліп, оларға 179 988 қызмет көрсетілген. 

Жұмысқа орналастыру

Ал «Алтын жас» бағдарламасы бойынша зейнетке шыққан тұрғындар жұмысқа орналаса алады. Оның ерекшелігі, зейнеткерлік жастағы адамдарды жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерге қызметкердің жалақысының 50 пайызы субсидияланады, бірақ бір ЕТЖ-дан аспайды (2024 жылы – 85 мың теңге).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бүгінде 355 зейнеткер жұмысқа орналасқан. Бағдарламаға қатысу үшін a.jas@almaty.gov.kz электронды пошта арқылы немесе Достық даңғылы 85, 2-қабат, 201 а бөліміне барып, өтініш беруге болады. 

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.