Алматыда заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй сүрілетін болды

Алматыда көптеген арыз-шағымға байланысты «Шұғыла» ықшамауданында заңсыз салынған көпқабатты үй сүрілетін болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтінішіне байланысты заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу мәселесі қозғалған. Алматы қалалық сотының шешімі бойынша, қала құрылысын бақылау бөлімінің талап арызы қанағаттандырылды: сот нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

«Құрылысты бұзу 1 шілдеде сағат 10:00-де басталады», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін азаматтардың өтініші негізінде қала құрылысын бақылау бөлімі осы нысанда тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар жасалған.

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....