Алматыдағы жағдай күрт нашарлады — Бекшин

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аймақтағы эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы қаласының коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайы соңғы 4 күнде күрт нашарлады. Күніне 125-140 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Бұл Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының «қызыл» аймағына өткенін білдіреді. 25 қаңтардан бастап біз «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өттік. Қазір осыған байланысты арнайы іс-шараларды әзірлеуге даярмыз», — деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 181 117-ге жетті. Алматы қаласында пандемия басынан бері 21547 жағдай тіркелді.

Ержан Жаубай: Кітап оқудың пайдасы…

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері бұл...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы ең алдымен заңның үстемдігіне,...

Тау кластері: Алматының жаңа туристік бренді

Алматы – табиғаты мен заманауи қалалық инфрақұрылымы үйлескен бірегей...

Объемы услуг почтовой и курьерской деятельности выросли на 1,1%

За январь-август 2026 года в Казахстане объем оказанных услуг...

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...