12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы Сейфуллин-Жансүгіров қиылысындағы жолайрық құрылысы 5 миллиардқа қымбаттады

Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайрық салу құны бес миллиард теңгеге қымбаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Шенеуніктердің айтуынша, жолайрық салу құны құрылыс басталмай тұрып бөлінген бюджетке сай емес. Осыған дейін Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығының құрылысына 8,6 миллиард теңге жұмсау жоспарланған болатын. 

«Құрылыс жұмыстарына бюджет жетпей отыр. Өткен жылы түзету енгізіліп, мемлекеттік сараптама бекітілді. Бағаның қымбаттау сомасы бес миллиард 112 миллион 738 мың 790 теңге», — деді әкімдіктегілер.

Жобаның қымбаттауы құрылыс материалдары мен жұмыс бағасының өсуіне байланысты. Қала билігі материалдардың құнын нарықтық бағаларға сәйкес түзететінін хабарлады. Мысалы, келесі құрылыс материалдары қымбаттады:

  • арматура — 101 пайызға;
  • бетон — 30 пайызға;
  • болат құбырлар — 86 пайызға;
  • шойын ысырмалар-46 пайызға;
  • көпір қоршауы — 45 пайызға;

Жолайрық құрылысының жұмысы жүріп жатыр. «Батыс» және «Шығыс» өтпежолдары, жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылған жоқ. Жаңа жер телімдері сатып алынып жатқандықтан жұмыс жалғасып жатыр», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Еске салайық, жоба 2013 жылы Ахметжан Есімов тұсында бекітілген болатын. Құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....