Алматыдағы көшелерге жаңа атау беріледі

Алматы әкімдігі мен мәслихатының аты жоқ көшелерге жаңа атау беру туралы бірлескен қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың бірнеше ауданындағы атаусыз көшелерге көрнекті тұлғалардың есімдері беріледі.

Алатау ауданы «Нұркент» шағын ауданында:

  • № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес атауы берілсін;

Бостандық ауданы «Ерменсай» шағын ауданында:

  • № 2 жобалық атауы бар көшеге Жақсылық Үшкемпіров атауы берілсін;
  • № 4 жобалық атауы бар көше – Қаршыға Ахмедьяров көшесі;
  • № 5 жобалық атауы бар көше – Шолпан Жандарбекова көшесі;

Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағын ауданында:

  • № 12 жобалық атауы бар көше – Ғазиза Жұбанова көшесі;
  • № 13 жобалық атауы бар көше – Кәкімбек Салықов көшесі;

Бостандық ауданы Нұрлытау шағын ауданында:

  • № 6 жобалық атауы бар көше Роза Жаманова көшесі деп аталсын;

Медеу ауданында:

  • № 2 жобалық атауы бар көше – Тимофей Седельников көшесі;
  • № 7 жобалық атауы бар көше — Мәшһүр Жүсіп көшесі;

Медеу ауданы «Алатау» шағын ауданында:

  • №14 жобалық атауы бар көшеге Лев Гумилев есімі беріледі.

Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының және Алматы қаласының ономастикалық комиссиясының, Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындылары қабылданды.

Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Наука как ширма для хищений

Государственная поддержка научных разработок призвана приближать будущее: превращать идеи...

Криминальный стартап Дело врачей №3 

В ОСНОВЕ ПРИНЯТИЯ РЕШЕНИЙ, В ТОМ ЧИСЛЕ И ПО...

Учимся грамотно зимовать

​​​​​​​РЕЗКО-КОНТИНЕНТАЛЬНЫЙ КЛИМАТ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА ЧАСТО ПРЕПОДНОСИТ НЕПРЕДСКАЗУЕМЫЕ «СЮРПРИЗЫ»: ОБИЛЬНЫЕ...

Закон на языке школьников

​​​​​​​ЗАКОН МОЖНО ИЗУЧАТЬ ПО УЧЕБНИКАМ, А МОЖНО ПРОВЕРЯТЬ СВОИ...

Как оформить дарение квартиры: от документов до регистрации 

​​​​​​​ОТЕЦ ХОЧЕТ ПОДАРИТЬ ДОЧЕРИ КВАРТИРУ В АСТАНЕ, НО ЖИВЕТ...