Алматыдағы ХҚО-да құқық қорғау органдарымен бірлескен шара өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы Мамандандырылған ХҚО аумағындағы заңсыз әрекеттің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп алдын алу шараларын жүргізді.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының басшылығы, Қауіпсіздік жөніндегі өкіл, полиция қызметкерлері және СОБР жауынгерлері қатысты.
Шара ұйымдастырушылары автокөлік иелерін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының аумағында өз қызметтерін ұсынатын делдалдарға сенбеуге шақырды. Жасыратыны жоқ, олар өз қызметтерін мәжбүрлеп ұсынумен қатар, келушілердің наразылығын тудыруда.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының қатысуымен жүйелі түрде осындай іс-шаралар өткізіп тұрады. Анықталған құқық бұзушылық фактілері болып жатса, филиалдың қауіпсіздік қызметі ішкі тергеу жүргізіп, кінәлілерге тәртіптік жаза қолданылады. Бүгін де кезекті рет ХҚО аумағында «делдалдардың» заңсыз әрекеттерін болдырмаудың алдын алу шараларын жүргіздік. Сонымен қатар, карантин кезіндегі сақтық шараларын, әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию қажеттілігі жайлы түсіндірдік», — дейді филиал директоры Данияр Қырықбаев.

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

«Путь» на большой экран 

В ВОРОНКУ МОШЕННИЧЕСТВА В НАШЕЙ СТРАНЕ ПОПАДАЮТ НЕ ТОЛЬКО...

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Цифровизация и контроль 

С 2026 года казахстанский бизнес работает по новым правилам....