Алматыдағы екі ірі кәсіпорын өз қызметкерлерін демалысқа жібереді

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты алматының индустриялық аймағындағы екі ірі кәсіпорын жалақысын сақтай отырып өз қызметкерлерін демалысқа жіберді. Олар – «TOKYO ROPE ALMATY» және «ASIA STEEL PIPE COMPANY» ЖШС-тері. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының хабарлауынша, демалысқа «TOKYO ROPE ALMATY» зауыты қызметкерлерді 20 наурыздан бастап, «ASIA STEEL PIPE COMPANY» 17 наурызынан бастап жібереді. Олардағы жалақысы сақталатын қызметкерлердің жалпы саны 120 адам.

Демалыстағы бұл қызметкердің өндіріске қашан қайта оралатын әзірге белгісіз. Жұмыс берушілер Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін,яғни 16 сәуірде қызметкерлері қайта жұмыс істейді деп үміттеніп отыр.

«Карантин кезіндегі қарапайым өндіріс, әрине, зиян келтіреді, алайда біздің қызметкерлердің денсаулығы экономикалық тұрғыдан маңызды», – дейді кәсіпорын басшылары.

«TOKYO ROPE ALMATY» ішкі нарықты көшкін қорғайтын құрылыстармен, инженерлік қорғау жүйелерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа да өнімдермен жабдықтайды. «ASIA STEEL PIPE COMPANY» болса газ және мұнай құбырлары үшін қажетті құбырларды өндіреді. Бұл өндіріс орнының өнімдері Қазақстан ғана емес, таяу шет елдерге де экспортталады.

Е.Ержанұлы «Заң газеті»

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

«Алатау аманаты»

Все страны, заинтересованные в увеличении туристического потока, чтобы вызвать...

Новые штрафы и пределы допустимого наказания

В ПОСЛЕДНИЕ ДНИ В ОБЩЕСТВЕННОМ ПРОСТРАНСТВЕ АКТИВНО ОБСУЖДАЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ,...