Алматыдағы атыстың мән-жайы белгілі болды

Алматыда жанжалдың соңы атысқа ұласты. Белгісіз ер адамдар жергілікті кәсіпкерден ақша өндірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасы таратқан ақпарат бойынша, дүкенді жалға алушы рэкеттердің келіп, ақша талап еткенін айтқан.

Олар келіп, дүкеннің жаңа иесі кім екенін сұрады. Мен екенімді айттым. Олар былай деді: «Бұрынғы иесі бізге алым төлеп тұратын, сен бізге алым төлейсің бе?» Мен: «Жоқ, төлемеймін», деп жауап бердім. Олар бұл жер сондай аудан екенін, өздері «қылмыс әлемінің серкелері» екенін айтты. Дүкенді жалға алушы Андрей Рожков

Дүкеннің иесі досына телефон соққан. Ол досы танысымен келіпті. Досы «қылмыс әлемінің серкелерімен» не туралы сөйлескенін дүкеннің жалға алушысы білмейді. Олар өзара тоқтамға келе алмаған. Ақша бопсалаушылар травматикалық тапанша алып, оқ атуға кіріскен.

Қорғаушылардың бірінің төменгі жақ сүйегіне оқ тиген. Оған ота жасалды. Ол есін жиғанымен, сөйлей алмайды. Екіншісінің маңдай сүйегі тесілген. Ол қазір ауруханада ауыр халде жатыр.

Маңдай сүйегі сынған, мидың қатты қабығы зақымдалған, оны шұғыл операцияға алып кетті. Операциядан кейінгі жағдайы тұрақтанды. Науқас реанимацияда, оянды. Кейін нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов

Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...