12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы «Алтын Орда», «Барлық» базарлары өзгертіледі

2030 жылға қарай Алматы қаласының полиорталықтарының құрылымы толық қалыптасады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының ХXV сессиясында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкім орынбасарының айтуынша «Шығыс қақпасы» полиорталығы халықаралық әуежай мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» трассасына жақын болған соң, ірі мультимодальдық көлік — ауысып отыру торабы бар логистикалық хабқа айналады.

«Оның құрамына LRT станциясы, «Восточный» автовокзалы, қала маңындағы қоғамдық көлікпен біріктірілген BRT желісі кіреді. Мұнда көрме — ойын-сауық орталығы, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымы бар жаңа рекреациялық аймақты орналастыру жоспарлануда. «Батыс» полиорталығында Индустриялық аймақтың аумағын кеңейту болжанып отыр. Боралдай кентінде «Алматы – 3» вокзалы орналасатын болады, оның базасында көлік-логистикалық хабты дамытуға болады. «Сақ қорғандары» этнографиялық бақтың айналасындағы инфрақұрылым дамиды. Бүгінде ауданы 90 га желілік рекреациялық бақ, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кварталдары құрылды», — деді Мұхит Әзірбаев.

Бұнымен қоса ол «Оңтүстік-батыс» полиорталығында бұрыннан бар нысандарды қайта форматтау, «Алтын Орда» сауда базарын көтерме-тарату орталығы етіп қайта құру, «Барлық» базарының орнына «Батыс» автовокзалын, LRT станциясын және метрополитенді қамтитын ірі мультимодальдық көлік-ауысып отыру торабын құру жоспарланғанын айтты.

«Тарихи орталықтың» шекарасында абаттандыру жұмыстары жалғасады және тарихи-мәдени мұраға жататын ғимараттарды қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама қабылданады, сондай-ақ, инженерлік желілер жаңартылады. Веложолдарды төсеу жалғасады, ақылы тұрақ орындары ұлғайтылады. «Тарихи орталыққа» іргелес өнеркәсіптік кәсіпорындар мен арнайы мекемелер (АЗТМ, Киров атындағы зауыт, СИЗО) көшірілетін болады, олар мен ескі тұрғын үйлердің орнына заманауи үлгідегі кварталды құрылыс пен жаңа іскерлік кластер пайда болады», — деді спикер.

Оның айтуынша, Алматыда полиорталықтарды дамытудан басқа, қалпына келтіруге болатын немесе болмайтын ескірген тұрғын үйлерді ревитализацияға көңіл бөлінеді. 2022 жылдың соңына дейін ескі үйлерді қалпына келтірудің қалалық бағдарламасы бекітіледі.

Сонымен қатар Саин, Момышұлы, Алтынсарин көшелері мен басқа да шағын аудандардың көшелерінде променадтар қойылатын болды.

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде сот жүйесін цифрландыру — әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттырудың басты тетігі ретінде қарастырылады. Қазақстан да бұл бағытта қарқынды қадамдар жасап келеді. Электрондық сот ісін жүргізу – цифрландырудың негізгі жетістігі. "Төрелік", "Сот кабинеті", "Е-апелляция", "Е-қылмыстық іс" сияқты электронды платформалар азаматтар мен заңды тұлғаларға сот процесіне қашықтан қатысуға, құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпал етеді. "Сот кабинеті" сервисі арқылы пайдаланушылар: - талап арыздар мен өтініштерді онлайн бере алады; - істің мәртебесін қадағалап отырады; - сот актілерін жүктей алады; - онлайн түрде тыңдауға қатыса алады. Артықшылықтары: - Жылдамдық және тиімділік; - Ашықтық пен айқындық; - Адам факторын азайту; - Құжат айналымын оңтайландыру. Цифрландыру сондай-ақ...

Алқабилер соты: Қоғамның әділ сотқа қатысуының кепілі

Алқабилер соты — азаматтардың сот төрелігіне тікелей қатысуын қамтамасыз ететін ерекше сот институты. Бұл жүйе — қоғам мен мемлекеттік сот билігі арасындағы көпір іспетті. Қазақстан Республикасында алқабилер соты 2007 жылдан бастап енгізілген. Оның мақсаты – сот үдерісінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыру, халықтың сотқа деген сенімін күшейту. Алқаби болу талаптары: - 25 жасқа толған ҚР азаматы;   - Соттылығы жоқ;   - Психикалық немесе басқа ауыр сырқатпен есепте тұрмайтын;   - Мемлекеттік қызметте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істемейтін тұлға болуы қажет. Алқабилер соты — азаматтық қоғамның дамуы мен сот билігінің ашықтығының көрсеткіші. Бұл жүйе халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттырып, әділдік салтанат құруына жол ашады. Сондықтан алқабилер институтын жетілдіру — заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Алқабилер соты – бұл демократиялық мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде танылатын, халықтың сот төрелігіне тікелей қатысуының ерекше нысаны. Қазақстанда бұл институт алғаш рет 2007 жылы Қылмыстық-процестік кодекске енгізіліп, қазіргі таңда қылмыстық істердің белгілі бір санаттары бойынша қолданылады. Алқабилер тек соттың бір бөлігі ретінде емес, әділ сот төрелігін жүзеге асырушы құрам ретінде маңызды рөл атқарады. Олар кәсіби судьялармен қатар отырып, істің мән-жайын зерттейді, тараптардың дәлелдерін тыңдайды және дауыс беру арқылы айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтайды....

Мекемедегі сотталған азаматшалар қысқы киім үлгісіне көшірілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 түзеу мекемесінде...

Жабық сот отырысын жүргізу тәртібі

Республикамызда азаматтық заңдар тәртібіне сәйкес, азаматтық істер барлық сот...

Сот отырысына қатысушылардың мәдениеті

Сот отырысындағы тәртіп процесстік нормаларды нақты сақтау арқылы, сондай-ақ...