Алматыда варикозды медициналық сақтандыру есебінен емдеуге болады

Алматылықтар варикозды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен емдете алады. Бұл туралы №1 Қалалық клиникалық аурухананың Амбулаторлық флебология орталығы жетекшісі Марат Менаяқов хабарлады.
Айтуынша, қазіргі таңда радиожиілікті абляция (облитерапия) көктамыр ауруларын емдеудің ең тиімді әрі заманауи тәсілі. Маусым айынан бері орталықта варикозға шалдыққан пациенттерге 120-дан астам ота жасалған.
Орталыққа келіп ем алғандар арасында варикоз ауруы салдарынан аяғын баса алмай қалған 45 жастағы келіншек те бар.
«Көктамырдың азабын тартқаныма 15 жылдан асып кетті. Салдарынан балтырым ісіп, кешке таман аяқтарымды көтере алмай қалатынмын. Бұған дейін 2020 жылы аяқтарыма операция жасатқан едім», — дейді ол.
Бұл жолы орталық мамандары оған радиожиілікті абляция әдісін пайдалануды ұсынған. Алдымен оң аяқтың, содан соң сол аяқтың тамырларына операция жасалды.
«Бұл процедура варикозға шалдыққан 100 пациенттің 97-сінде тамаша нәтиже берді. Отадан кейін аурудың қайталану, асқыну қаупі де төмен. Оның үстіне, лазерге қарағанда радиожиілікті токтың жылуы тамырларға жеңіл әсер етеді, күйдірмейді әрі пациенттің одан кейін өз-өзіне келу мерзімі де едәуір қысқарады», — дейді Марат Менаяқов.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының 17-26-сы аралығында Амбулаторлық флебология орталығында ашық есік күндері өткен болатын. Онкүндік барысында орталыққа 100-ден астам адам атбасын тіреген. Олар мамандардан тегін кеңес алып, аяқ буындарына ультрадыбыстық допплерография жасатты. Онкүндік шеңберінде 24 ота жасалды. Ем-дом МӘМС шеңберінде жүргізілді.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...