12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады

Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана ашылды. Игі бастама «Үйлі болайық» қайырымдылық қорының мұрындық болуымен жүзеге асқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Ал қасиетті жұмада күні бойы кез келген уақытта осында келіп тамақтануға болады. Қайырымды жандар мұндай асханалардың санын арттыру жоспарда барын айтады.

«Алдағы жоспар бойынша әр ауданнан, мешіттің жанынан кішігірім осындай асхана, мейманхана ашып, жағдайы жоқ отбасылар мен көше сыпырып жүрген азаматтарымызға күннің суығында ыстық шай ішіп, жылынып кетсін деген мақсатта ашып жатырмыз. Бүгінге дейін 8 қалада кеңсеміз ашылды. Алдағы уақытта кеңсеміз ашылған әр қаладан осындай әлеуметтік мейрамханалар ашу жоспарымызда бар», — деді «Uili Bolaiyq» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Сұңғат Байғон.

Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қоры ұлғаюда

2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін...

Мерекелік іс-шара

79 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында әлемге әйгілі әнші, композитор...

Кассациялық соттардың құрылуы – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі жаңа қадамы 

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...