Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты: зардап шеккендер саны артты

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тепловоз бен автобус соқтығысып, салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқыс оқиғадан жеті адам зардап шеккен. Бұған дейін алты адам туралы хабарланған болатын. 80 жастағы науқас қабырғалары мен білегі сынып, Қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызыған. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.

«Зардап шеккен бес адамға қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіліп, мамандар тексергеннен кейін шұғыл госпитализация қажет болмады. Олар тіркелген емханаларына амбулаторлық бақылауға жіберілді», – деп хабарлады дәрігерлер.

Тағы бір зардап шеккен адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр.

Еске салайық, тепловоз бен жолаушылар автобусының соқтығысуы Әуезов көшесінде, Гоголь қиылысына жақын жерде болған. 88-маршруттағы автобус теміржол бойымен батысқа қарай қозғалып бара жатқан тепловозбен соқтығысқан.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.