Алматыда Тәуелсіздік күніне қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда Тәуелсіздік күніне қандай іс-шаралар өтетіні жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда 16 желтоқсанда Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Іс-шараға ардагерлер кеңесінің, қала әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысады.

17 желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 38 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Салтанатты іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, әкімдік өкілдері және қала жастары қатысады. Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, дін өкілдері құран бағыштайды.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар қаланың ауданында өтеді.

  • Алмалы ауданында 13 желтоқсанда Ten Qogam орталығында және Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Желтоқсан оқиғасына арналған концерттер өтеді.
  • Бостандық ауданында 15 желтоқсанда сағат 16:00-де аудандық комьюнити орталығында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 16 желтоқсанда сағат 18:00-де Mega Alma-Ata сауда орталығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті болады.
  • Медеу ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:30-да Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Бабаларым аңсаған – Тәуелсіздік» атты кездесу өтеді.
  • Түрксіб ауданында 13 желтоқсанда ауданның Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған концерт өтеді. 14 желтоқсанда аудандық комьюнити орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастардың қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты дөңгелек үстел өтеді.
  • Наурызбай ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Шұғыла шағын ауданы 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында «Тұғыры биік – тәуелсіздік» атты концерт өтеді.
  • Әуезов ауданында 13 желтоқсанда сағат 11:00-де Алматы технологиялық колледжінің акт залында «Тәуелсіздік тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты концерт өтеді. Сонымен қатар, ауданның комьюнити орталығында Тәуелсіздік күніне арналған флешмоб ұйымдастырылады.
  • Жетісу ауданында 13 желтоқсанда сағат 14:00-де №193 мектеп ұжымының қатысуымен Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты мерекелік концерт өтеді.

Ай бойы қаладағы барлық білім беру мекемесінде Желтоқсан оқиғасына арналған ашық сабақтар, конференциялар мен кездесулер өткізіледі.

Биыл 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні дүйсенбіге тұспа-тұс келеді.

  • 14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
  • 15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.