Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар ауруханадан қайда жеткізілді?

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен науқастар қайда жеткізілгенін және олар қандай жағдайда болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та қаладағы тәртіпсіздіктер барысында жараланғандар Алматы ауруханаларынан шығарылғаны туралы хабарлама тарады. БАҚ мәліметінше, оларды күш құрылымдары өкілдері алып кеткен.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі тәртіпсіздік кезінде Алматы ауруханаларына 1256 адам жүгінгенін, оның 506-сы ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді. Бір бөлігі ауруханаларға жедел жәрдем көліктерімен жеткізілген, бір бөлігі өздігінен келгені белгілі болды. Барлығына медициналық көмек көрсетілген. Қазір ауруханаларда 33 науқас бар.

«Ауруханаға түскеннен бірнеше күн өткен соң, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кейбір науқастарды әскери госпитальдар алып кетті. Сондай-ақ, науқастардың бір бөлігін тергеу органдары жедел-тергеу шараларын жүргізу үшін ауруханалардан шығарды. Оларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ғана алып кетті», — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...