Алматыда тұрғын үй кешенін салушыларға балабақша мен мектеп салу міндеттеледі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде қалада тұрғын үй кешендерін салатындарға қатаң талап қойылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар әкімге қалада саябақ, сквер, әлеуметтік нысандар салу қажеттілігі туралы сұрақ қойды. Бұған жауап ретінде Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй кешенін салушыларға қойылған талаптардың күшейтілгенін айтты.

«Енді әкімдікке өз жоспарларымен келген кәсіпкерлерден талап ететініміз: мектеп, балабақша, емхана немесе амбулатория қайда? Кешен салынатын жерде қандай мектеп бар? Ол мектеп жаңа оқушыларды қабылдауға қаншалықты дайын?

Егер жоспарға мектеп кірмесе, онда құрылысқа рұқсат етілмейді. Біздің талап мектептерге, балабақшаларға және шағын амбулаторияларға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тек осы қағидаға сай шешім шығарамыз», — деп жауап берді қала әкімі.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...