12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр — қазірдің өзінде 30 тонна жөнелтілді

Алматы қаласы Алмалы комьюнитиорталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау пункті жұмысын жалғастырып отыр. Бұл пункттеАлматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова болды.

Кездесу барысында Әсем Нүсіпова барша еріктіге қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созғаны үшін алғыс білдірді. Әкімнің орынбасары зардап шеккен отбасылар мен аймақтарға қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай – «Біздің күшіміз – бірлікте». Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткеріп жатыр. Дәл осы сәтте бірлігіміз бен елдігімізді көрсететін уақыт келді. Елдегі болып жатқан бұл табиғаттың тосын мінезіне қатысты мемлекет тарапынан, Президентіміз тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осы ретте су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, үйлестіріп жатқан әрбір жанға алғыс білдіремін», — деді Әсем Нүсіпова.

Еріктілер өз кезегінде гуманитарлық көмекті тиімді ұйымдастыруға бағытталған бастамасы мен идеясымен бөлісті. Сонымен қатар, гуманитарлық көмекті жинау және тарату бойынша қаламызда тағы қабылдау пунктін ашу бойынша жоспарлар талқыланды.

             Бүгінде Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Оның ішінде 12 тонна азық-түлік, 10 тоннаға жуық киім-кешек, 7,2 тонна гигиеналық құралдар, 2 тоннадан астам тұрмыстық заттар, 200 келіден астам дәрі-дәрмек және т.б бар.

Айта кету керек, гуманитарлық көмек жиналып жатқан бұл жастар комьюнити орталығы Алматының әр ауданында ашылған 8 комьюнити орталықтың бірі. Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында әр ауданда екіден, яғни барлығы 16 орталық ашылады.

Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістіктен тұрады. Мұнда жастарды қолдауға қажеттінің бәрі бар: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарлама бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жастарын қысқа мерзімді курстар арқылы сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру.

           

2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде...

Изменятся ли платежи на ОСМС в 2026 году?

Минимальную заработную плату на 2026 год утвердили на прежнем...

Жаңа жылға орай полиция күшейтілген жұмысқа көшті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Емнің нәтижесі —  кәсіби біліктілікті танытады»

Гүлжан Сабырбаева, Алматы қаласы № 7 қалалық  клиникалық ауруханасының...

Қазақ тілі – ұлттың рухани тірегі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық...