Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімі жарияланды

«Хабар 24» арнасы Алматыда ҰҚК Шекара қызметі ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың есімі жазылған тізімді жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшақ апаты төрт адамның өмірін қиды:

  1. аға лейтенант Досжан Баймұратов, 43 жаста,
  2. сержант Евгений Васильков, 34 жаста,
  3. лейтенант Мұхтар Сағынбаев, 26 жаста,
  4. майор Ғабит Барлықбаев, 34 жаста.

Бұған дейін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеген еді.

Зардап шеккен екі адам да жансақтау бөлімінде.

«1987 жылы туған адам сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған адам ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматыдағы 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр.

Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салып жатыр. Барлық кадр, оның ішінде, қаланың бас реаниматологы жұмылды», — деді ведомство өкілі.

13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК авиациялық қызметінің ұшағы апатқа ұшырады. АН-26 құлап, өрт шықты, бірнеше жарылыс болды.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...