Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды

Алматыда опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында әйгілі әнші ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, делінген қалалық әкімдік хабарламасында.

Медеу ауданындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдына биіктігі 4,8 метр қола ескерткіш орнатылған. Осы филармония қабырғасында Роза Бағланова1949-1960 жылдар аралығында өнер көрсеткен еді. Қола және граниттен жасалған ескерткіштің авторлары — мүсіншілер Д.Ағзамов, У.Ақжолтай, А. Жамхан, А.Қабыл.

Ескерткішті ашу рәсімі барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Роза Бағланованың қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға қосқан баға жетпес зор үлесін атап өтті.

«Біздің ұлы әншіміз Роза Бағлановаға ескерткіш орнату — оның мұрасын құрметтеу және есте сақтау. Ол музыка өнерінің шырқау биігіндегі жарық жұлдыз болды. Оның ерекше дауысы мен таланты біздің халқымыздың баға жетпес құндылығына айналды. Әншінің сүйікті қаласы — Алматыда 100 жылдық мерейтой аясында Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыру үшін ескерткіш орнатқанымызға  шексіз қуаныштымын», — деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Республика Сарайында «Ақмаңдайлым» атты мерекелік концерт өтті. 

Қазақстандықтар қаржысын қаншалықты сауатты басқарады? 

Ұлттық Банктің 2025 жылғы қорытындылары бойынша келтірген дерегіне сәйкес, қаржылық сауаттылықтың жиынтық индексі 42 пайызды құрады.

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды 

Елімізде жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.