Алматыда құрылыс компаниясы екі қабатты ғимарат салуға рұқсат алып, үш қабат салып тастаған

Алматыда Pine Hill клуб үйінің үшінші қабаты сот шешімі бойынша бұзылады. Себебі құрылыс компаниясы екіқабатты ғимарат салуға рұқсат алып, үш қабат ғимарат салып тастаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай ш/а, 7 бұрыш, 8/1 учаскедегі ТҮК-нің үшінші қабатын бұзудың басталғаны туралы хабарлады.

Тапсырыс беруші (жеке тұлға) екі қабатты үйдің құрылысына рұқсат құжаттарын алған, бірақ ол қосымша тағы бір қабат тұрғызған, бұл жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Соның нәтижесінде меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1, 462-бабы 3 бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.

Басқарманың талап-арызы бойынша сот талқылауларының қорытындысына сәйкес, 2022 жылы 15 маусымда Алматы қалалық соты 3-қабатты бұзу туралы шешім шығарды.

Нысанның қабатын бұзу бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Төменгі қабаттарға зақым келтірмеу үшін қолмен бұзылып жатыр.

«Жер учаскелерінің меншік иелері мен құрылыс компанияларын ҚР Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы Заңның және құрылыс салуды ұйымдастыру ережелерінің бұзылуына жол бермеуге және құрылысты тек заңды негізде бастауға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда сот сатысында істерді қараумен және кейіннен бұзудың жоғары ықтималдығымен заңнама аясында жауапкершілік қауіп төндіреді», — дейді басқарма өкілдері. 

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.