Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы өсуі мүмкін

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысын көтеру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 20 теңгеге көтерілуі мүмкін. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін «Ашық НҚА» жарияланды.

Қалалық мобилділік басқармасы өкілдері 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермегенін және былтыр ғана 20 теңгеге өскенін айты. Қазір Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге.

Ведомство өкілдері биыл қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін айтты. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсіп жатыр. 2023 жылы 68,7 миллиард теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды сомасы 97,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өсіп отырады, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін.

«Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ, жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейтінін бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50 пайызы болады», — деп жазылған басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді жою көзделген. Бұл автобус жүргізушісіне көлік құралын басқаруға және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.