Алматыда ҚБТУ ғимаратындағы өрт: студенттер қалай оқиды?

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) студенттері ғимаратта болған өртке байланысты онлайн оқуға ауыстырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Оқиғаға байланысты оқу процесі 20 қаңтарға дейін уақытша онлайн форматқа ауыстырылды», – деп хабарлады Қазақстан-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметі.

ҚБТУ өкілдері қазіргі уақытта оқиға себептерін анықтау үшін құзырлы органдармен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Ғимараттың өртке қарсы жүйелері уақытында іске қосылып, оттың таралуын болдырмауға және шығынды азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр», – деп қосты университет өкілдері.

ҚБТУ ғимаратындағы өрт

11 қаңтар кешкісін Алматыда төтенше жағдайлар қызметі ҚБТУ ғимаратындағы өртке байланысты Астана алаңын (Ескі алаң) жауып тастады. Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметінше, «Төле би көшесіндегі ғимаратта төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе өртенген».

Кейін Алматы ТЖД бастығының орынбасары Чайзада Багдат ҚБТУ ғимаратындағы өрт үшінші деңгейлі деп бағаланғанын айтты.

«Шатыр жанып жатыр. Жасырын жану ошақтары бар. Үш автосаты орналастырылды, өрт гидранты қосылды. Әзірге өрт оқшауланған жоқ», – деді Алматы ТЖД бастығының орынбасары.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Алматы ТЖД-ның 78 өрт сөндірушісі мен 28 техника бірлігі жұмылдырылды.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...