Алматыда отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған фестиваль болады

Қоғамның назарын отбасы проблемаларына аудару және отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында Алматыда 10 қыркүйекте ерекше фестиваль өтеді.  «Біздің family день» деген атпен өтетін бұл шарада әрбір қатысушы өзіне ұнайтын кәсіпті тауып, ата-анасымен, аға-інілерімен және апа-сіңлілерімен бірге өзін қажетті, бақытты сезіне алады. Ол  әр қонақтың өзіне ұнайтын іс-әрекетті табуына бағытталған.Фестивальдің басты сахнасында – ойындар, конкурстар, анонстар және әкім мен Бонапарттың хедлайнерлері өнер көрсетеді. Онда барлық жастағы адамдардың өз ерекшелігіне сай арнайы алаңдар болады.

Мәселен, балалар аймағында – трансформерлер, динозаврлар және көптеген шығармашылық шеберханалар,  сондай-ақ, кәсіби тәрбиешілері бар бөбекжай ұсынылады. Аналар мен  өзге де  адамдар үшін таза ауада демалыс пен кино көруге мүмкіндік бар. Күшті және ептілікке арналған спорт алаңында, кез-келген адам әртүрлі жарыстарда өз күштерін сынап, физикалық қабілеттерін арттыра алады. Даму аймағында фестиваль қонақтары қызықты спикерлерді тыңдап, өзз үшін маңызды нәрсені біле алады.  Дәмді тағамды ұнататындар  үшін кең ассортименті бар азық-түлік аймағы дайындалған. Түрлі-түсті кәдесыйлар, ойыншықтар, шеберлердің қолөнер бұйымдары бар жәрмеңке де назардан тыс қалмаған.

Е.КЕБЕКБАЙ «Заң  газеті»

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...