12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматыда «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МҰРАТЫ» монографиясы жарық көрді

2026 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойы аясында «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығы ресми түрде ашылып, «Орталық Азия мұраты» атты алты кітаптан тұратын ғылыми-сараптамалық топтамасының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді институционалдық тұрғыда жүйелеу, Орталық Азияға қатысты ғылыми талдаулардың сапасын арттыру және өңірлік зияткерлік диалогты тұрақты ғылыми ынтымақтастық деңгейіне көтеру. Сонымен қатар, ғылыми ойды жүйелі, тәуелсіз және терең дамыту арқылы мемлекетке стратегиялық, ұтымды шешім қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету көзделген.

Салтанатты жиынға ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті А. Күрішбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматы қаласындағы басшысы Властимил Самек, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасының дипломатиялық өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық мүшелері және жетекші сарапшылар қатысты.

Іс-шара аясында «Орталық Азия мұраты» ғылыми-сараптамалық топтамасына енген басылымдардың тұсаукесері өтті:

Д.Қ. Жекенов, «Орталық Азия мұраты» монографиясы;

А.Е. Мухаметжан, «Қырғыз Республикасы»;

Г.А. Апсаттарова, «Өзбекстан Республикасы»;

О.А. Байсалбек, «Түрікменстан»;

Б.Б. Сариева, «Тәжікстан Республикасы»;

Ф.А. Қыдырбек, «Қытай – Орталық Азия қатынастары: талдау және жылнама».

А. Күрішбаев өз сөзінде бұл бастаманың болашаққа бағытталған маңызды қадам екенін атап өтіп, ғылыми ой тек жүйелі, тәуелсіз және терең болған жағдайда ғана мемлекетке стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, академияның басты миссиясы – ғылымды қоғам мен мемлекеттің стратегиялық дамуына қызмет ететін интеллектуалдық ресурсқа айналдыру, халықаралық ғылыми ықпалдастықты кеңейту, пәнаралық зерттеулерді дамыту және жас ғалымдардың әлеуетін арттыру болып табылады.

Барлық қатысушыларға қолдау көрсеткені және ынтымақтастыққа ашықтығы үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта бірлескен жобаларды дамыту, тәжірибе алмасу және ғылыми байланыстарды нығайту бағытында өзара әрекеттесуді жалғастыруға үміттенеміз.

Нефтяники Мангистауской области поддерживают новую Конституцию

Трудовые коллективы нефтедобывающих предприятий Мангистауской области - АО «Озенмунайгаз»,...

Сот орындаушыларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымды қарау

Атқарушылық іс жүргізу сатысы сот шешімдерінің нақты орындалуын қамтамасыз...

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі қазығының бірі

Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең асыл мұраты, баға...

Істерді дайындау және апелляциялық инстанцияға жіберу

Сот жүйесінде әділ шешім шығару тек сот отырысымен шектелмейді....