Алматыда қомақты қаржы шетелге заңсыз шығарылмақ болған

Алматыда жалпы сомасы 550 мың доллар және 26 910 еуро болатын қаражатты шетелге заңсыз шығару әрекеті анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың басынан бері Алматы қаласының халықаралық әуежайында жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары және 26 910 еуро болатын қаражатты декларациядан өткізбей шығарудың 2 дерегі және 20 әкімшілік факт анықталды», — делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, ҚМА шетелдік валютадағы қолма-қол ақша және ақша құралдары 10 000 АҚШ доллары баламасынан аспауы керек екенін еске алды.

ҚМА мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...