12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда нөсер жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсер жауын жауады, соған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындалып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 536 жұмысшы мен 89 арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа айналған жерлерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Су басып қалуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтаға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды өтініп сұраймыз», — делінген хабарламада.

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қалай өседі? Министрлік жауабы

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыға 6,8 триллион теңге...

Қазақстаннан Нью-Йорк, Токио және Сингапурға тікелей рейстер ашылуы мүмкін

Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады.

ҰҚК жаңа қызметінің басшысы тағайындалды

Нұржан Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры болып тағайындалды.

10 шілдеде Алматының бір бөлігінде су ажыратылады: көшелер мен үйлер тізімі

Алматының бірнеше шағынауданының тұрғындары жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты бір күн сусыз қалады.

Трамп Қазақстанның барлық тауарына 25 пайыз баж салығы cалынатынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вашингтон 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін барлық тауарға 25 пайыз баж салығын енгізетінін хабардар етіп, хат жолдады.