Алматыда не үшін сиреналар қосылды?

Алматыда 6 ақпан күні сағат 11.00-де сирена қосылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін, 6 ақпанда таңертең «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қалалық ескерту жүйесіне техникалық тексеру жүргізілген.

Ескерту жүйесін тексеру үшін қаладағы хабарлау жүйесі бойынша техникалық құралдар кешені аз уақытқа қосылған.

«Барлығының назарына!!!» дыбыстық сигналы — қандай да бір қауіп немесе төтенше жағдай кезінде барлық шұғыл хабарламаларды жіберу алдында халықтың назарын аудару үшін жасалатын ескерту сигналы.

«Алматы қаласының дабыл жүйесін техникалық байқаудан өткізу — халықты төтенше жағдайлар туралы ескерту және хабардар ету, құлақтандыру құралдарының дайындығын сақтауға және түрлі табиғи құбылыстардың әсерінен болатын кез келген апаттың немесе жойқын әсердің салдарынан тұрғындарды қорғауға көмектесетін негізгі қауіпсіздік шарасы», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.