spot_img
spot_img

Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті

Алматыда қала ғимараттарына жазылған есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған «Наркостоп» акциясы өтті.  Шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, прокуратура және Алматы қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл  басқармасының қолдауымен өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға шақыру.

«Наркостоп» акциясы — бұл тек жазуларды бояу емес, жастарға қауіпсіз болашақ сыйлауға бағытталған маңызды қадам.  Осындай шаралар арқылы жастар арасында есірткінің зияндылығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттап, олардың өз ортасына деген жауапкершілігін арттырғымыз келеді», — деді ұйымдастырушылар.

Акцияға 200-ге жуық волонтерлер және белсенді жастар  қатысты. Олар Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі жарнамаларының орындарын анықтап, олардың заңсыз жазбаларын өшірді. Рейд барысында 1 күннің ішінде  ғимараттардың сыртқы қабырғасына  жазылған 100-ден аса жарнама анықталып, жойылды.

 «Осы акцияға қатысып қала жастары ортақ мақсат үшін біріктік. Біз заңсыз жарнамаларды өшіріп, олардың әр қарай таралмауына кішкене болса да өз үлесімізді қосып жатырмыз», — деді волонтер Бектұрғанов Күшқуат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция бір реттік  емес, жүйелі түрде өтіп тұрады.

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...