Алматы қаласы Әділет департаменті ағымдағы жылдың 10-23 ақпан аралығында «Amber IP Brands Sarl.» компаниясының сенімхат бойынша өкілінің қатысуымен Алматы қаласының аумағында «Moskovskaya» тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша контрафактілік өнімнің заңсыз айналымының жолын кесуге қатысты тексеру жүргізді.
Оңтүстік мегополистегі бұл іс-шара Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын сақтау мақсатында, сондай-ақ «Amber IP Brands Sarl» компаниясы өкілінің өтініші негізінде жүргізілді.
Нәтижесінде Алматы қаласының аумағында заңсыз айналымнан 744 бірлік, яғни жалпы сомасы 1 656 240 теңгені құрайтын «Moskovskaya» тауар белгісі бар 528 литр алкоголь өнімі алынды.
Аталған құқық бұзушыға Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып, тауарлар тәркіленді.
Нақтылай түссек,Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша сотының қаулысымн тәркіленген «Moskovskaya» тауар таңбасы бар тауарлар жойылды.
Алматы қаласы Әділет департаментімен контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, халықтың барлық топтары арасында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Алматы қаласы Әділет департаменті
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі.