Мемлекеттік қызметті дамыту шарттарының бірі оның кадрлық құрамын қалыптастыруды жетілдіру болып табылады. Кәсібилік пен құзыреттілік қағидаты мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің көрсеткіші болып табылатыны сөзсіз.
2020 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүргізу қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер енгізуді көздейтін Жарлыққа қол қойды.
Толықтырулар «Б» корпусының қызметшілерін ротациялау тәртібіне қатысты болды, атап айтқанда, басқа мемлекеттік органға ауыстыру мүмкіндігімен әкімдіктердің басқарма басшыларын өңіраралық ротациялау (D-O-1) енгізілді. Бұл ретте мұндай ротация әкімдіктерде командалық орын ауыстыруға жол бермеу мақсатында Агенттікпен келісім бойынша жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, соңғы үш жылдан кем емес С-2, С-3, С-О-2, С-О-3, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-O-2, D-1, D-2, D-3, Е-1, E-R-1 санаттарындағы басшылық лауазымдарды атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ерікті түрде ротациялау енгізілді. Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері де, сондай-ақ қызметшінің өзін бағалау да ескеріледі. Мұндай ротацияға әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін қызметшілер арасында ғана жол беріледі.
Жарлықта сондай-ақ конкурс өткізбей мемлекеттік лауазымдарға орналасу мүмкіндігі енгізілді. Мемлекеттік орган ішіндегі ауысу тәртібімен қызметшіні өзге тең лауазымға, сондай-ақ осы мемлекеттік органда төменгі лауазымда кемінде соңғы екі жыл жұмыс өтілі болған кезде жоғары тұрған лауазымға тағайындауға болады.
Мемлекеттік қызметке жаңа кадрлық технологияларды енгізу қажеттілігі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қажеттіліктен туындайды.
Айта кету керек, Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті бұл бағытта белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметі өкілдерінің қатысуымен онлайн-вебинарлар мен семинарлар. Сонымен қатар, Департаменттің Facebook парақшасында материалдар тұрақты негізде орналастырылады.
Айта кету керек, ерікті ротация қағидаттарын жергілікті жерлерде дұрыс түсініп, қолдану арқылы тиімді іске асырылуына және оң нәтижесіне қол жеткізуге болады.