Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды

Алматыда мемлекеттік қызметкер бизнесті заңсыз тексергені үшін жазаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медеу ауданының прокуратурасына Алматы қаласы Медициналық-фармацевтикалық бақылау департаментінің заңсыз тексеру мәселесі бойынша жеке клиникалардың бірінің басшысы хабарласты.

Анықталғандай, департаментке медициналық орталықтың әрекетіне қатысты өтініш келіп түскен.

Осы өтініш негізінде бақылау органының қызметкері кәсіпкерлік субъектісін тіркеп, тексеру жүргізді.

Прокуратура өтініш білдірген азаматтың заңды атауы ұқсас мүлде басқа медициналық ұйымның әрекетіне шағымданғанын анықтады.

Осыған қарамастан медициналық орталық заңсыз тексеруден өтті.

Мемлекеттік органның әрекетінің заңсыздығын ескере отырып, тексеру актісі мен нәтижелері жойылды.

Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 175 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.