Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру аясында және Мемлекеттік қызметші күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі спартакиада өткізілді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының әкімдігімен және Алматы қаласының Спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Спартакиадаға Алматы қаласының мемлекеттік органдарынан 130-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің дене белсенділігін арттыру және оларды бұқаралық спорт қозғалысына тарту.

Жарыс бағдарламасы ауқымды болды. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шахмат, армрестлинг, гір спорты және арқан тарту сияқты спорт түрлерінен сынға түсті.

Өткізілген іс-шара корпоративтік мәдениетті нығайтуға және үздік спорттық командаларды анықтауға ықпал етті.

Командалық есептің қорытындысы бойынша Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті ІІІ орынға ие болды.

Аталған іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің корпоративтік рухын нығайтуға, мемлекеттік органдар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және спорт арқылы олардың күнделікті қызметтегі тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Шавкет Метхатович Турдуев

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...