12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда мұғалімнің не себепті қайтыс болғаны айтылды

14 сәуір күні Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған мұғалім гипертониялық сырқатына байланысты емханада есепте тұрған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі.Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтті.

Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді.ҰТО баспасөз қызметі

Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері «егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі берілетінін» айтты.

Бұған дейінбіліктілік тестін қапсыру кезінде ер адамның қайтыс болғанын жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, оған алғашқы көмек көрсету мүмкін болмаған.

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...