Алматыда Ұлттық ұлан сарбазы өзін атып өлтірді

Алматыда ұлттық гвардияның келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген сарбаз қызметтік қарумен өзіне оқ атып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15:15 шамасында 3650 (Алматы) әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, 2001 жылы туған Абылай Сабыров өзіне кезекші міндетін атқару кезінде тағайындалған «Макаров» тапаншасынан жарақат алғаны белглілі болды”, – делінген ақпаратта.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, қызметтік тергеу тағайындалды.

«Ұлттық ұланның жоғары қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», – делінген ведомство хабарламасында.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Жастардың дамуына көп күш салынып жатыр: нәтиже қандай?

Жастар – ел дамуының басты күші Қазіргі қоғамда жастар елдің...

Жеке сот орындаушысы – заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды мамандық

Қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот шешімдерінің орындалуын жүзеге...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен...

«E-QYZMET.GOV.KZ» — НОВАЯ СИСТЕМА ОТБОРА НА ГОСУДАРСТВЕННУЮ СЛУЖБУ

Эта система предназначена для полностью онлайн проведения процесса отбора...

«E-QYZMET.GOV.KZ» — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Бұл жүйе үміткерлерді таңдау мен конкурс өткізу процесін толығымен...