12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда құлағы мүкіс боп туған балаларға сақтандыру есебінен кохлеарлы имплант орнатылып жатыр

Жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар іштен құлағы мүкіс болып туған бүлдіршіндерге есту қабілетін қайтаруға мүмкіндік береді. Бүгінде Алматылық балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін кохлеарлы имплантация қызметін кедергісіз пайдаланып жүр.

Құлақтың сыртына арнайы электродтарды орнату арқылы жасалатын отаның құны орта есеппен 4,5-5 миллион теңгеге жуықтайды. Мамандардың айтуынша, электронды имплант орнатылғаннан кейін құлағы мүлдем естімейтін балалардың да есту қабілетін қайтаруға болады.

Аталған қызмет түрін медициналық сақтандыру пакеті есебінен тегін пайдаланып келе жатқандар арасында №5 Қалалық клиникалық аурухананың кішкентай пациенттері де бар. Сақтандыру жүйесі енгізілген 2020 жылдың өзінде аталған ауруханада 84 балаға кохлеарлы имплант орнатылыпты.

№5 Қалалық клиникалық аурухананың сурдология бөлімі меңгерушісі Наиля Төлепбергенованың сөзіне сүйенсек, бүгінде кохлеарлы имплантацияны құлағы мүкіс туған балаларға есту қабілетін сыйлайтын бірден-бір жоғарғы технологиялық қызмет түрі деуге болады.

«Жалпы, есту қабілетінің оралу мерзімі кереңдік деңгейіне байланысты.  Біздің пациенттеріміз ота жасалған соң бір айдан кейін-ақ ести бастайды. Алдымен тіл процессорын іске қосамыз, оларды сөйлеуге, естуге және ұғуға үйретеміз. Есту қабілетінен ерте айырылған балалар реабилитация барысында жаңа дыбыстарды тыңдауға машықтанады, тілін дамытады. Ал, сөйлеп жүріп есту қабілетінен айырылған пациенттерді оңалту бұдан күрделірек. Мұндай жағдайда реабилитация алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Себебі біз құлақпен емес, мимен естиміз. Пациенттер алдымен, осыны ұғынуы тиіс!» — дейді дәрігер.

Дәрігер кішкентай пациенттердің жетістігіне де балаша қуанады. Айтуынша, бұрын осында ота жасатқан балалар арасында музыка саласындағы сыйлықтардың лауреаттары да бар көрінеді.

«Кохлеарлы имплант қойдырған балалар нашар естиді деуге болмайды. Мұндай балалардың өздерімен қатар бүлдіршіндерден еш айырмашылығы жоқ. Операция олардың есту қабілетін толығымен қайтаруға мүмкіндік береді.  Көмек кешіктірілмей, ертерек көрсетілген жағдайда бала кәдімгі бала-бақшаға барады, кейін жалпы білім беретін мектепте білім алады. Біздің басты мақсатымыз да осы!», — дейді Найля Мәлікқызы.

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санатқа жатады. Оларға барлық қызметті, соның ішінде жоғары технологиялы көмек пен жоспарлы стоматологиялық көмекті де медициналық сақтандыру пакеті есебінен көрсетіледі.

Дропперы в контексте виртуального мошенничества 

Понятие «дропперы» в лексиконе судебных и Правоохранительных органов появилось...

Под эгидой Союза судей

Cпартакиады среди судей проводятся в республике с сентября 2002 года....

Черная паутина Часть 7

Cпециализированном межрайонном суде по уголовным делам г. Алматы продолжается...

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...