12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда коронавирусқа байланысты қаңтардағы болжам нашар — Бекшин

Жеті күнде коронавирус жұқтырған 700 адам тіркелді. Қаңтар айындағы болжам нашар. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында 2021 жылғы 7 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйде қалып отырғанын хабарлады. Осыған байланысты ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды шектеу шараларын бақылауды күшейту матрицасында бағалау бойынша сары аймақта. Алматы қаласында індеттің екінші толқыны қазанда күшейген, үш айда КВИ жағдайларын тіркеу 14 есе өскен. 7 қаңтарда КВИ-дің 700-ден аса жағдайы тіркелген.

Соңғы 14 күнде 20-39 жастағы азаматтар арасында вирус жұқтыру 35 пайызға, 40-59 жас аралығында 33 пайызға жеткен. Бұл шектеу шараларының бұзылуымен және корпоративтік кештерді өткізумен, сауда объектілеріне барумен байланысты.

«Вирус жұқтыруды төмендету үшін әлі де адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Сонымен қатар, вирустың таралуын тоқтату үшін ашық ауада маска тағып, арақашықтықты қатаң сақтаңыздар. Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастармен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыртуды, зейнеткерлерге үйден қажет жағдайда ғана шығуды ұсынамыз», — деді Бекшин алматылықтарға.

Цифровое управление персоналом – прозрачность при найме сотрудников

Единая кадровая система государственного и квазигосударственного сектора в Казахстане,...

Бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік...

Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы әдеп жөніндегі кеңесінің...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – басым бағыттардың бірі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...

Защита прав государственных служащих – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...