Алматыда кімдердің жалақысы өсуі мүмкін?

Алматыда Қоғамдық даму басқармасына қарасты ведомстволық мекеме қызметкерлерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде басқарма қарамағында «Өңірлік коммуникациялар орталығы», «Қоғамдық келісім», «Қоғамдық даму орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемелері жұмыс істейді. Айдар Есенбековтің айтуынша, бұл мекемелерде орташа айлық — 167 мың теңге.

«Басқарманың қарамағындағы мекемелерде еңбекақы төмен. Еңбекақы төмен болуына орай кадр тапшылығы өзекті және жұмыс тиісті деңгейде жүзеге аспайтыны байқалады. Бұл жайт жұмыс барысына кері әсерін тигізіп отыр.

..Басқарманың қарамағындағы коммуналды мемлекеттік мекемелердің еңбекақысына қосымша ынталандыру қарастыруды ұсынып отырмыз. Осы мекемелерде еңбекақыны 50 пайызға көтеруді сұрап отырмыз», — деді басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша екені жарияланды. 

2024 жылғы II тоқсанда жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орташа деңгейі) 278 296 теңге болды.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.