Алматыда «кезекші» халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Алматылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қызмет алуға үлгермей қалатындарын айтып шағымдануда. Осыған орай, қызмет алушылардың талап-тілектерін ескере отырып, Алматыда «кезекші ХҚО» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта қызмет алып үлгермеген азаматтар, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221 мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық ХҚО-ға жүгіне алады.

Құжаттандырудан басқа барлық қызметтер сағат 20.00-ге дейін көрсетіледі. Ал, автокөлік иелері үшін Түрксіб ауданы, Құлжа тасжолы, 9 км. «Керуен» тойханасы ғимаратында орналасқан Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №5 бөлімі 2 сағатқа ұзағырақ жұмыс істейді», — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында.

Сондай-ақ, филиалда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электронды түрде алуға болатынын еске салды.

Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының фронт-офистері: дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...

Слышать людей, действовать вместе

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИЗВАЛ НОВЫЙ КОНСТИТУЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ ХАЛЫҚ...

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...