Алматыда кафе қонағы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды (+ВИДЕО)

Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды zanmedia.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, жақында Алматыдағы дәмханалардың бірінде келеңсіз жағдай орын алған. 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттап, тәртіп бұзған. Алмалы ауданының полицейлері тәртіп бұзушыны жедел анықтап, ұстаған. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке қамалды.

«Кез келген даулы жағдай заң аясында шешілуі тиіс. Балағат сөздер мен агрессия мәселені шешпейді, керісінше ушықтырады. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға, ал келіспеушілік туындаған жағдайда құзырлы органдарға жүгінуге шақырамыз», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасының бастығы Мәксәт Пшан.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық ортада өзін лайықты ұстау — қауіпсіздік пен өзара сыйластық кепілі екенін ескертеді.




       Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...