Алматыда көпқабатты автотұрақтар қашан пайда болады?

Алматы әкімі Ерболат Досаев көпқабатты автотұрақтар салу жобасы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Әуезов ауданының тұрғындары автотұрақ мәселесіне шағымданды.

«Аудандарда көлік тұрағы бойынша үлкен мәселелер бар. Көшелер бітеліп, көлік жүретін жолдар толып, тіпті жартылай жабылып қалады. Нәтижесінде өртсөндірушілер де, қажет кезде жедел жәрдем де өте алмайды. Көпқабатты автотұрақтар қажеттілігі туындап тұр», — деді аудан тұрғындарының бірі.

Сұраққа жауап берген қала басшысы шенеуніктер жақын арада бұл мәселені шешуге «үлкен бағдарлама» дайындайтынын атап өтті.

«Жері жалға берілген көптеген көлік тұрағы бар. Бағдарламаны дайындап болғаннан кейін, ұзақ уақыт бойы 50 немесе 100 орынды тұрақтардан ақша тапқан иеленушілерге шарт қойғым келеді. 500 көлікке бес қабат тұрғыза аламыз. Аулалар да босайды.

Алматы қаласында көпқабатты автотұрақтар салу бойынша үлкен бағдарлама дайындалады. Бағдарламаны жыл аяғына дейін таныстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл аулаларды ішінара босатады. 2023 жылы жеке инвесторлармен жұмыс істей бастаймыз», — деді Досаев.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.