12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Төтеншеліктер өз кеңестерімен бөлісті

Алматылық төтеншеліктер қала тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК 3 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде, 4 маусымда таңертең және кешке күн күркіреп, найзағай жарқылдайтынын хабарлайды. Батыс жақтан жел соғып, найзағай кезінде оның екпіні секундына 15 метрге дейін барады.

Төтеншеліктер мұндай ауа-райы кезінде не істеу керектігі бойынша бірнеше кеңесті алға тартады:

  • найзағай көбіне биік ғимараттарға, ағаштарға түседі. Олардан 50-60 метр қашықта болғаныңыз дұрыс. Ал жазықтықта, ешқандай биік мұнара жоқ жер болса, сонда жүрген адамға түсуі мүмкін.
  • саяхатқа, ұзақ сапарға, серуенге шығар болсаңыз, ғаламтор арқылы алдағы ауа райымен танысыңыз. Ашық алаңқайда, орманда, жағажайда, өзенде, қорғансыз жерде кезде найзағай ойнап тұрса, қауіп күштірек болмақ. Мұндайда киіміңіз су болғанынан қорықпаңыз. Құрғақ нәрсеге қарағанда, су киім қауіпсіздеу. Ал судың өзі токты өте жақсы өткізеді. Найзағай басталған сәтте дереу судан шығып, жағажайдан алыстауға тырысыңыз.
  • найзағай кезінде жерге жатуға, ағаштың астын тасалауға, бір орында тұруға да, жылдам жүруге де, жүгіруге де болмайды. Бір қалыпты жылдамдық сақтаған дұрыс. Қолшатырды да ашпаған абзал. денедегі металл бұйымдардың бәрінен арылыңыз. Себебі олар токты жақсы өткізеді де, найзағай кезінде қауіп туғызады. Көшеде жүрсеңіз, автобусты, көліктерді паналауға болады.
  • үйде болсаңыз, электрмен жұмыс істейтін барлық аппаратты өшіріп, есік-терезені жабыңыз. Осы секілді ережелерді қатаң ұстану арқылы жақындарыңызды және өзіңізді қауіпсіз жағдайда ұстай аласыз.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...