Алматыда Көк базар маңындағы көлік тұрағы қымбаттайды

Алматыда Көк базар маңындағы көлік тұрағы 150 теңгеге дейін қымбаттайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. Тариф 317 тұрақ орнының 1501-ші аймағына ғана енгізіледі.

Aparking компаниясындағылар көк базардың айналасында 1501-ші тұрақ аймағында дифференциал тариф енгізілгенін хабарлады. Базар маңында тұрақтаудың бір сағаттық құны 150 теңгеге дейін өседі. Айта кетейік, аймақта 317 тұрақ орны бар.

Aparking өкілдері автотұрақ толымдығын реттеу үшін дифтариф енгізілгенін атап өтті.

«2020 жылы базар маңында көліктер орташа үш сағат тұрақтайтын. Бұл ақылы тұрақтары бар басқа базарлар ауданынан екі есе көп (Алматы-1 немесе Тастақтағы «Көтерме сауда»). Бір тұрақ орнының орташа айналымы — күніне 2,6 автомобиль.

Алайда 2017 жылы бұл көрсеткіш күніне жеті көлікке тең болған. Нарық айналасындағы тұрақ жүктемесі 100 пайыз», — деп хабарлайды Parking өкілі.

Портал мәліметіне қарағанда, базардың жанындағы 1501 тұрақ аймағы 2020 жылдың қыркүйегінде пайда болған. Онда абонементтер мен резиденттік келісімдер жоқ.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...