Алматыда кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған құқықтық тренинг өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесінде «Азаматтардың құқықтарын қорғау және қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру — әлеуметтік тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі басты рөлі» жобасы аясында «Кәмелетке толмаған сотталғандар не білуі керек?» атты тренинг өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шара Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шара кәмелетке толмаған сотталған балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қайта әлеуметтенуіне және өмірге оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

Тренингке Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Айман Мұратқызы Умарова, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Бекмұханбетқызы Рақышева, «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті, заңгер Жеңісгүл Жапарханқызы Хабаева, қордың практик-психологы Жолдасбаев Ғалымжан Сейтжанұлы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ақылбеков Қалдыхан Насырұлы және Алматы облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.О

Қонақтар жасөспірімдерге құқықтық кеңес беріп, рақымшылық туралы заңды түсіндірді, балалардың жеке сұрақтарына жауап берді. Психолог Жеңісгүл Хабаева жеке сұхбат жүргізіп, олардың ішкі күйзелістері мен әлеуметтену барысына назар аударды.

Айман Умарова өз сөзінде балаларға бостандыққа шыққаннан кейін заңсыз істермен айналыспауға, әсіресе түрлі Telegram арналары арқылы таратылатын заңсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстауға кеңес берді.

Іс-шараның негізгі мақсаттары:

  • кәмелетке толмағандардың құқықтық хабардарлығын арттыру;
  • сындарлы мінез-құлық дағдыларын дамыту;
  • қайта әлеуметтену процестерін қолдау;
  • балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықтың алдын алу;
  • құқықтық көмек алу жолдарын түсіндіру.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Марат Берікұлы Махамбетовтың айтуынша, республикада жалғыз балаларға арналған түзеу мекемесі ретінде бұл колония үнемі қоғамдық ұйымдар мен бала құқықтарын қорғау саласындағы өкілдердің назарында. Олар балалардың құқықтарының сақталуын бақылап, жағдайымен танысып отырады.

Аида Балаева ознакомилась с TopIQ Smart Class в столичной школе

В средней школе №99 города Астаны состоялось официальное открытие...

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат...

Сот құрылыс нысанында жарақат алғаны үшін ЖШС-дан моральдық зиян өтемақысын өндіріп алды

Целиноград аудандық сотында жоғары қауіптілік көзі болып танылатын «N»...

ӘР АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕП, АНА ТІЛІНЕ ЖАНАШЫР БОЛСА БОЛҒАНЫ

Елімізде мемлекеттік тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы...

Заңды білу —заман талабы

Халқымызда «Заңды білген зардап шекпейді» деген  сөз бар. Шындығында ...