Алматыда еріктілер кеңесі мүшелері «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясына қатысты

2025 жылы 23 наурызда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» аясында Тазару күніне орай «Almaty Clean&Green» жалпықалалық акциясы өттті.

Алматы қаласында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тазалықты сақтау мақсатында ауқымды сенбілік өтті. 

Бұл шараға Алматы қаласының тұрғындарымен қоса, Алматы қаласы мемлекеттік қызметшілері қатарынан құрылған еріктілер кеңесі мүшелері қатысты. 

Сенбілік барысында қатысушылар саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазартты, ағаштар отырғызды және жасыл аймақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара қала экологиясын жақсартуға және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға баулуға бағытталған.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай шаралар қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады,» – деді сенбілікті ұйымдастырушылардың бірі.

Қатысушылар сенбілік барысында тек жұмыс істеп қана қоймай, жаңа таныстық орнатып, жақсы көңіл-күйде уақыт өткізді. Болашақта мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатыны айтылды.

Алматылықтар өз қалаларын таза әрі жайлы етуге атсалысуға әрдайым дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінң Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Н. Узбеханов

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...