Алматыда ҚДСБ басшысының орынбасарын қызметінен босату туралы шешім қабылданады

Алматы әкімдігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидың қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралып, қызметтен босату туралы ұсыныс жіберді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек», — деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 4 мамырда Алматы қаласының Мемлекеттік қызмет істері департаменті Алматының бас дәрігері орынбасарын қызметінен босатуды ұсынған болатын. Себебі, өткен айда әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйлықақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған. Осы видеодан кейін Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жоғары лауазымды тұлғаның теріс қылықтары қаралды.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...