Алматыда дәрі тапшылығы туралы хабарлама тарап жатыр

WhatsApp мессенджерінде «Алматыдағы дәріхана сөрелерінен адамдар емделмей, вакцина салдыруы үшін қасақана препараттарды алып тастап жатыр» деген ақпарат тарады. Қалалық әкімдік бұл хабарлама фейк екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біздің дүкен дәріхананың ішінде. Ол жерге антибиотик, ауырсынуды басатын дәрілерді алып тастау туралы жоғарыдан бұйрық келген. Балаларға дәріні көптеп алып қой, анама да айттым. Бәрін қорапқа жинап, салып жатыр, сатпайды. Оны коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін әдейі істеп жатыр», — делінген аудиода.

Екінші хабарламада тағы бір әйел Алматыдағы дәріхана қызметкерлері «сөрелер бос тұрғанын», ал дәрілер қайда екенін сұраған кезде «жоғарыдан бұйрық түсті деп жауап бергенін» айтқан. Хабарламада «бұл адамдар емделмей, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы үшін жасалып жатқаны» туралы айтылған.

Алматы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев Желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.

«Бұл хабарлама фейк, ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді ол.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...