Алматыда блокбекеттер қойыла ма? Сағынтаев жауап берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабуға қатысты сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE тікелей эфирінде қала тұрғыны Бақытжан Сағынтаевқа Алматыны карантинге жабу мәселесі туралы сұрақ қойды.

«Қала жабылмайды. Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Қабылданған шектеу шаралары коронавирус таралуының алдын алуға көмектеседі және жағдай тұрақталады деген үміттеміз. Алматыда 20 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілді. Кеше, 27 наурызда кейбір түзетулер енгізілген шектеу шараларын тағы екі аптаға ұзарту туралы қосымша қаулы қабылданды. Келесі аптаның соңында жағдайдың қандай болатынын байқаймыз. Егер жағдай тұрақты болса, онда шектеулерді қайта қарастырамыз. Бірақ жағдай нашарласа, бәрі болуы мүмкін», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев «ұлыбританиялық» және «Оңтүстік африкалық» SARS-CoV-2 вирустарын жұқтыру жағдайы көп екенін айтқан болатын.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...