12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда бизнес өкілдеріне арналған ХҚО жұмыс істей бастады

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету орталығын ашты.

Бүгіннен бастап іске қосылған орталық «Шұғыла» шағын ауданы, 347/1 мекенжайында орналасқан Наурызбай аудандық фронт-офисінің ғимаратында орналасқан.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін  ХҚО аптасына 5 күн 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мақсатында, несие беруде оң шешім алған ұйымдардың тізімі бойынша кестемен қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау үшін бөлім барлық санитарлық шаралармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, фронт-офисте қызмет көрсететін мамандардың қауіпсіздігі мақсатында олар жеке қорғану құралдарымен (бетперделер, антисептиктер, қолғаптар) қамтамасыз етіліп, қаладағы шектеу жағдайында жүріп-тұрулары ұйымдастырылған.

Қызмет алушылардың да қызмет алу кезіндегі санитарлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Қызмет алушылар кезек күтуі үшін  арақашықтығы сақталған арнайы сызықтар сызылған. Міндетті түрде бетперде режимі сақталады. Ғимарат ішіне енгенде антисептикті пайдаланып, ары қарай қызмет алуға операторға жүгінеді.

Орталықта көрсетілетін негізгі қызмет түрлері – ауылшаруашылық және агробизнес саласы өкілдеріне арналған жылжымайтын/жылжымалы мүлік кепіл шартын мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын/жылжымалы мүлік кепіл шартына қосымша келісімді мемлекеттік тіркеу қызметтері.

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің ғимарат ішінде жиналуын болдырмау үшін көрсетілетін қызметті алушылардың назарына құжаттардың толық пакетін ұсыну қажеттілігі туралы ескерте кетсек. Атап айтқанда:

Жылжымайтын/жылжымалы мүлік кепіл шартын және кепіл шартына қосымша келісімді мемлекеттік тіркеу үшін: 2 дана кепіл шарты /2 дана кепіл шартына қосымша келісім/,  объектіге байланысты тариф бойынша төлем, егер мүлік некеде сатып алынған болса, ерлі-зайыптының нотариалды куәландырылған келісімі қажет болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

 мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

 Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі

Тел.: 87073240176

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Итоги года и новые горизонты

2024 год в Казахстане стал годом динамичных преобразований, когда...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...